Аймақтық климатттық модельдер Орталық Азия үшін 2074 жылға қарай орташа жылдық температураның 4-6°C жоғарылауын болжап отыр. КӨЖҮТ (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ) есебіне сәйкес, климаттық дағдарыстың Қазақстанның ауыл шаруашылығына деген әсері болашақта одан әрі ұлғая түспек. Температураның әр бір дәрежелік көтерілуі бидай өнімділігін 6%-ға төмендетеді деп күтілуде. Қазақстан әлемдегі ең ірі бидай өндірушілерінің бірі болып табылады және жұмыс істейтін халқының 25%-ы ауыл шаруашылық секторында жұмыс істейді. Қазақстанның ауыл шаруашылығын климаттық дағдарыстың әсесеріне бейімдеудің ұлттық экономика мен жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін шешуші маңызы бар. Норвегиялық халықаралық қатынастар институтының ғалымдары Орталық Азия елдеріндегі климатттың өзгеруіне қатысты 1991-2021 жыллдар аралығында жүргізілген зерттеулерді зерделеген. Нәтижесінде, Орталық Азияның аймақтық зерттеулерінде климатттық өзгерудің ескерілмеген деп айтуға болады. Орталық Азияны зертттеуге арналған негізгі сегіз журналда жарияланған 13 488 мақаланың тек 33 мақаласы (0.24%) ғана климатттың өзгеруі немесе соған байланысты тақырыптарға арналған. Сәйкесінше, Қазақстан тұрғындары арасында климатттың өзгеруін және оның әсерін аңғаруға қатысты соңғы зерттеулердің аздығы байқалады.
“4646 Жобасының” мақсаты “Ауыл шаруашылығындағы климатттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және Германия мен Қазақстан Республикасы арасындағы ноу-хау трансферті” тақырыптары бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жүргізу. Зерттеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде фермерлер, саясаткерлер мен ауыл шаруашылығын мүддделі тараптар арасындағы жұмыс тобымен климаттық өзгерістерді аңғару бойынша сұхбат жүргізу арқылы алдын ала зерттеу жүзеге асырылады. Екінші кезеңде фермерлердің климаттық дағдарысты аңғаруы бойынша тікелей сауалнама жүргізілетін болады. Ақтық техникалық-экономикалық негіздеме үшшін, жиналған деректердің көп өлшемді статистикалық талдамасы жасалынады. Содан кейін жұмыстардың қорытындысы қазақстандық шешім қабылдаушылар мен фермерлерге ұсынылады. Болашақта техникалық-экономикалық негізддеме негізінде Қазақстандық ауылл шаруашылығы кәсіпорындарының климаттық дағдарысқа бейімделіктерінің одан әрі нығайтуға арналған құралдар әзірленеді.

Contact
Dr. Michael Zschiesche, Sami Celtikoglu


