Жоба4646 - Ауыл шаруашылығындағы климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және Германия мен Қазақстан Республикасы арасындағы ноу-хау трансферті.

Аймақтық климаттық модельдер Орталық Азия үшін 2074 жылға қарай орташа жылдық температураның 4-6°C жоғарылауын болжап отыр. КӨЖҮТ (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ) есебіне сәйкес, климаттық дағдарыстың Қазақстанның ауыл шаруашылығына деген әсері болашақта одан әрі ұлғая түспек. Температураның әр бір дәрежелік көтерілуі бидай өнімділігін 6%-ға төмендетеді деп күтілуде. Қазақстан әлемдегі ең ірі бидай өндірушілерінің бірі болып табылады және жұмыс істейтін халқының 25%-ы ауыл шаруашылық секторында жұмыс істейді. Қазақстанның ауыл шаруашылығын климаттық дағдарыстың әсеріне бейімдеудің ұлттық экономика мен жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін шешуші маңызы бар. Норвегиялық халықаралық қатынастар институтының ғалымдары Орталық Азия елдеріндегі климаттың өзгеруіне қатысты 1991-2021 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулерді зерделеген. Нәтижесінде, Орталық Азияның аймақтық зерттеулерінде климаттық өзгерудің ескерілмеген деп айтуға болады. Орталық Азияны зерттеуге арналған негізгі сегіз журналда жарияланған 13 488 мақаланың тек 33 мақаласы (0,24%) ғана климаттың өзгеруі немесе соған байланысты тақырыптарға арналған. Сәйкесінше, Қазақстан тұрғындары арасында климаттың өзгеруін және оның әсерін аңғаруға қатысты соңғы зерттеулердің аздығы байқалады.

«4646 Жобасының» мақсаты «Ауыл шаруашылығындағы климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және Германия мен Қазақстан Республикасы арасындағы ноу-хау трансферті» тақырыптары бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жүргізу. Зерттеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде фермерлер, саясаткерлер мен ауыл шаруашылығынан мүдделі тараптар арасындағы жұмыс тобымен климаттық өзгерістерді аңғару бойынша сұхбат жүргізу арқылы алдын ала зерттеу жүзеге асырылады. Екінші кезеңде фермерлердің климаттық дағдарысты аңғаруы бойынша тікелей сауалнама жүргізілетін болады. Ақтық техникалық-экономикалық негіздеме үшін, жиналған деректердің көп өлшемді статистикалық талдамасы жасалынады. Содан кейін жұмыстардың қорытындысы қазақстандық шешім қабылдаушылар мен фермерлерге ұсынылады. Болашақта техникалық-экономикалық негіздеме негізінде Қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының климаттық дағдарысқа бейімделіктерінің одан әрі нығайтуға арналған құралдар әзірленеді.

Duration
09/2022 – 10/2023

Cooperation Partner and
funded by

Eurasia Group