Климаттың өзгеруін азайту жобасының мысалы ретінде Қазақстандағы көміртегі шаруашылығы (CarbonIQ)

Жаһандық парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін тек AFOLU (ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа жер пайдалану; IPCC, 2023) секторы құрайды. Сонымен қатар, топырақ – жер үсті биомассасына қарағанда үш есе көп және жер атмосферасынан екі есе көп көміртекті сіңіретін көміртегінің ең үлкен қоймасы ретінде қарастырылады (Zommer et al., 2017). Алайда қолданылуына қарай, топырақ көміртегінің көзі ретінде де, көміртекті сіңіргіш зат ретінде де әрекет ете алады. Жүргізілген ауқымды зерттеулер – органикалық тыңайтқыштарды пайдалану, аралас егіс, жабындау (мульчирование), топырақты қопармай қопсыту, агро-орман шаруашылығы және әртүрлі ауыспалы егістерді пайдалану сияқты топырақ өңдеу әдістері ауылшаруашылығы топырағының көміртегі құрамын айтарлықтай арттыруы мүмкін екенін көрсетті (Paustian et al., 2016; Smith et al. т.б., 2008). Көміртегі шаруашылығының топырақ құрамындағы көміртекті сақтап қалудан басқа көптеген экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтары бар (Tang et al., 2016). Мысал ретінде егін жинау кезіндегі ысырапты азайту (Droste және т.б., 2020), құрғақшылық пен қатты жауын-шашынға төзімділікті арттыру (Хамидов және т.б., 2018), өсімдіктердің қоректік заттарын тиімдірек пайдалану және топырақтың биоәртүрлілігін арттыруды атап өтуге болады.

Мерзімі: 01/2024 – 12/2026

Байланысушы тұлға:
Sami Celtikoglu,
Dr. Arne Reck

Қазақстан ауылшаруашылық мақсатында қолданылатын жерлер топырағындағы көміртегі қоры бойынша әлем бойынша жетінші орында тұр. Бейімделген егіншілік әдісі арқылы топырақ құрамындағы органикалық көміртегінің жыл сайынғы көбеюі 13-тен 27 мегатоннаға дейінгі деңгейде, бұл Қазақстанды сіңіру әлеуеті бойынша 16-шы орынға шығарады (Zomer et al., 2017). Сондықтан Қазақстан көміртегі шаруашылығы үшін қолайлы орта болып және болашақта көміртегінің жаһандық қоймасы ретінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Алайда, бұл әлеуетті жүзеге асыру үшін фермерлердің климаттың өзгеруі мен көміртегі экономикасы туралы біліктілігін арттырып, және көміртегі шығарындыларын азайтатын ауылшаруашылық тәжірибесін жүзеге асыру үшін төленетін тиісті төлем схемаларын жасақтау қажет.

«CarbonIQ» пилоттық зерттеуі қоршаған орта мен климатты қорғаудың басты технологиясы ретінде Қазақстанда «көміртегі шаруашылығының» маңыздылығын түсініп, шешім қабылдауға негіздеме болуға бағытталған. Атап айтқанда, «CarbonIQ» жобасы Қазақстан топырағындағы көміртекті сақтау әлеуетін бағалауға, олардың сыйымдылығын бағалауға және биоәртүрлілікті ынталандыру сияқты маңызды әсерлерді талдауға бағытталған. Осылайша, жоба Қазақстанның аграрлық секторының экологиялық және экономикалық трансформация мүмкіндіктерін талдауға бағытталған. «CarbonIQ» сонымен қатар фермерлер үшін топырақ көміртегін сақтау әлеуетін пайдалану арқылы экономикалық тұрақтылық ұсына алады. Осылайша, фермерлер тұрақты ауылшаруашылық тәжірибесі арқылы табиғатқа және өз кірістеріне қалай үлес қоса алатынын нақты көре алады. Жоба сонымен қатар топырақта сақталған көміртекті тәуелсіз ұйымдармен сертификаттау мүмкіндігін зерттеп, Қазақстандағы көміртегі саудасының әлеуетіне баға береді.

Жоба бірнеше тараптан инновациялық болып табылады: ауыл шаруашылығындағы климаттық және экологиялық аспектілерді дәйекті талдау – міндеттері, жауапкершіліктері мен құрылымдары салалық белгілері бойынша бөлінген Қазақстанда жүзеге асыру қиындық туғызатын бірлескен контексте шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Салааралық тәсіл «көміртегі шаруашылығы» үлгісін биоәртүрлілік пен климаттық дағдарыстың өзара байланысты және өзара әсерлеріне шешімдер қандай болуы мүмкін екенін көрсету үшін пайдаланады. Бұл жағдайда көптеген дағдарыстардың негізгісі болып табылатын және олардың әсерлеріне оңай ұшырайтын ауыл шаруашылығы секторына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жоба шешімдерді де, бейімделу стратегияларын да қамтитын ілгерілеу жолдарын анықтауға бағытталған. Жалпы, CarbonIQ аймақтың тұрақты болашағын құру және жергілікті және жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосу үшін ауыл шаруашылығы мен климаттың өзгеруі қатар жүретін практикалық шешімдерді анықтауға бағытталған.

 

Қосымша әдебиеттер:

Droste, N., May, W., Clough, Y., Borjesson, G., Brady, M.V., Hedlund, K., 2020. Soil carbon insures arable crop production against increasing adverse weather due to climate change. Environmental Research Letters, 15 (12), 124034. DOI: https://doi.org/10.1088/1748-9326/abc5e3

Hamidov, A., Helming, K., Bellocchi, G., Bojar, W., Dalgaard, T., Ghaley, B.B., Hoffmann, C., Holman, I., Holzkämper, A., Krzeminska, D., Kværnø, S.H., Lehtonen, H., Niedrist, G., Øygarden, L., Reidsma, P., Roggero, P.P., Rusu, T., Santos, C., Seddaiu, G., Skarbøvik, E., Ventrella, D., Zarski, J., Schonhart, M., 2018. Impacts of climate change adaptation options on soil functions: a review of European case-studies. Land Degradation and Development, 29(8), 2378–2389. DOI: 10.1002/ldr.3006.

IPCC (Intergovernmental Panel on Climate Change). 2023. Climate Change 2022: Synthesis Report. Contribution of Working Groups I, II and III to the Sixth Assessment Report of the Intergovernmental Panel on Climate Change [Longer Report]. IPCC, Geneva, Switzerland, 85 pp.

Paustian, K., Lehmann, J., Ogle, S., Reay, D., Robertson, G. P., & Smith, P. (2016). Climate-smart soils. Nature, 532(7597), 49-57. DOI: 10.1038/nature17174.

Smith, P., Martino, D., Cai, Z., Gwary, D., Janzen, H., Kumar, P., McCarl, B., Ogle, S., O’Mara, F., Rice, C., Scholes, B., Sirotenko, O., Howdes, M., McAllister, T., Pan, G., Romanenkov, V., Schneider, U., Towprayoon, S., Wattenbach, M., & Smith, J. (2008). Greenhouse gas mitigation in agriculture. Philosophical transactions of the royal Society: Biological Sciences, 363(1492), 789-813. DOI: 10.1098/rstb.2007.2184

Tang, K., Kragt, M.E., Hailu, A., Ma, C., 2016. Carbon farming economics: what have we learned? Journal of Environmental Management, 172, 49–57. DOI: 10.1016/j.jenvman.2016.02.008.

Zomer, R. J., Bossio, D. A., Sommer, R., & Verchot, L. V. (2017). Global sequestration potential of increased organic carbon in cropland soils. Scientific Reports 7(1), 15554. DOI: 10.1038/s41598-017-15794-8.